Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


1 просмотр

Қазақстанда импорт алмастырушы өндіріс үшін қаржыны қалай, қайдан алуға болады?

Бұған Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері дайын ба?

Фото: Shutterstock

Оралда жылына 30 млрд теңгенің азық-түлігі сатылғанымен, соның төрттен бір бөлігін ғана отандық өнім құрайды. Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері көпшілік тұтынатын тауарларды шетелден тасымай, өздері өндіруге қаншалықты дайын, импорт алмастырушы өндірісті дамытуға қажетті жеңілдетілген несие алуда қандай қиындықтарға кезігетінін «Курсив» анықтап көрді. 

Бірден айта кету керек, көпшілік тұтынатын тауарлар өндірісін жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасына аймақтарда Кәсіпкерлер палатасы жетекшілік етеді. Аталмыш бағдарламаға қатысқысы келген әрбір кәсіпкерге бизнес-жоспар жасап, жергілікті өндірісте бос жатқан нишалар туралы тегін кеңес беретін жобалық кеңсе наурыз айында ашылған.

Жоспар – бар, кепілзат – жоқ  

«Осы бағдарламамен берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін республика бойынша 600 млрд теңге бөлінген. Соның 30 млрд теңгесін БҚО игереді деп жоспарлап отырмыз. Меніңше, несие беру шарттары тиімді: жылдық мөлшерлеменің 7 пайызын мемлекет өтесе, қалғанын кәсіпкер өзі төлейді», – деген еді кәсіпкерлермен өткен жиында БҚО әкімінің орынбасары Ғали Исқалиев

Бұл ретте шенеунік мемлекеттік бағдарламада жазылған 250 тауар аталымының Батыс Қазақстан облысында тек 10 пайызы өндірілетінін айтып өтті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысу үшін осы тізімдегі азық-түліктің ең құрығанда біреуін шығару керек. Әкім орынбасарының айтуынша, облыста бос жатқан ниша көп. «Мәселен, мектеп жиһазын алайық. Оны бізге сырттан тасиды. Біз өз тарапымыздан бизнеске тауарын өткізуге көмектесер едік: облыс мектептерін жаңа жиһазбен жабдықтау мәселесін қарастыра аламыз», – деп мәлімдеді Исқалиев. 

Алайда бизнесмендер өндіріске қажетті несиені алу оңай еместігін айтады. 

«Кәсіпкерлер өндірістің жаңа бағыттарын дамытқысы келеді, соның ішінде мен де бармын. Бірақ көптеген ірі компаниялар несиеге белшесінен батқан, бизнестің бүкіл дүние-мүлкі екінші деңгейлі банктерде кепілде тұр. 30 миллиардты игеру біздің облыс үшін оңайға түспейді деген ойдамын», –деп өз пікірімен бөлісті «Жайық-Ет» ЖШС басшысы Темірғали Ескендіров.

«Қазіргі кезде банктер кепіл дүниеге қатты мән беріп, тексереді. Мәселен мен өндірісті дамытуға несие алдым, кепілзат ретінде бүкіл өндірістік кешенді қойдым, оған қоса менен жеке кепілзат талап еткен соң, пәтерімді де банкке кепілге қоюыма тура келді. Негізінде бірінші кепілзат құны несиеден әлдеқайда жоғары еді. Енді несие ала алмаймын, өйткені менде кепілге қоятын дүние қалмады», – дейді «Мак-Тамақ» ЖШС басшысы  Сергей Каверин.

Тігіншілікпен айналысып жүрген «Мария ханым» сән үйінің иесі Жұлдыз Құспанова мен жеке кәсіпкер Алла Оразбаева жеңіл өнеркәсіп саласында  жеңілдетілген несие алу мүмкін емес деп тұжырымдайды. Кәсіпкерлердің айтуынша, банктердің кепілзатқа қатысты қоятын шарттары өте ауыр. Нәтижесінде кәсіпкерлерге өндірісті кеңейту ойын жиып қоюға немесе  несиені жеке тұлға ретінде 22-26 пайыз үстемақымен алуға тура келеді. 

Аймақтар жүйелік мәселелерді шешуге қауқарсыз

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Марат Нұрқуатовтың айтуынша, аймақтағы 15 өндіруші «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6,5 млрд теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге өтініш берген. Соның ішінде 5 жоба 100 миллионнан аз сомаға өтініш берсе, 10 жоба 100 миллионнан аса қаржыға өтініш тастаған. Бұлар негізінен азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп пен білім беру саласындағы жобалар. 

 «Біз ЕДБ басшыларын бизнестің несие кепілзаты бойынша арыз-шағымдарын талқылауға шақырған едік. Бірақ банкирлер импорт алмастыру бойынша несие рәсімдеп жатқан кәсіпкерлердің кепілзатқа қатысты ешқандай проблемалары жоқ деп мәлімдеді»,– дейді Марат Нұрқуатов.

Сонымен қатар ол бүкіл Қазақстанға тән жүйелік мәселелер бар екенін алға тартады. Олар бұл бағдарламаны жүзеге асыруға кедергі келтіруі бек мүмкін. «Бұл ең бірінші, несие алуға ниетті кәсіпкерлер бизнес-жоспарларын қарастырудағы банктің көзқарасына тікелей байланысты», – деп түйіндейді Нұрқуатов. 

Оның айтуынша, екінші деңгейлі банк менеджерлері бизнес-жоспардың аймаққа тиімділігі немесе өзін-өзі өтеу тұрғысынан қарамайды, оларды тек өтімділігі жоғары кепілзат қана қызықтырады. «Несиелеу мүмкіндігін арттыру үшін жаңа өндіріске кепілзат құнының 80 пайызына тең соманы қарыз ретінде беруі керек, ал бүгінде банктер одан басын ала қашады, – дейді ол.– Кепілзат құнының 70-80 пайызына дейінгі соманы несиеге берген кезде, олар бизнес-жоспарды зерттеуге мәжбүр болады, өйткені берілген қарыздың қайтуына дәл осы құжаттың жүзеге асуы кепіл болмақ. Бұл мәселені барлық аймақтың кәсіпкерлері ел болып көтеріп, несие алу үшін тапсырылатын бизнес-жоспарды бағалау жүйесін өзгерту керек».

Импорт алмастыру бағдарламасының жүзеге асуына кедергі келтіруі мүмкін тағы бір мәселе – ауылшаруашылық өнімін өндірушілер мен өңдеушілердің қаржылық мүдделерінің қайшылығы. 

Мәселе мынада, азық-түлік өнімін өндірушілер қосымша құн салығын төлемейді, ал қайта өңдеушілердің барлығы ҚҚС-тан босатылмаған. Нәтижесінде қайта өңдеуші нақты өнім шығарған соң, қазынаға 12 пайыз ҚҚС төлеуге міндетті. Егер ол өндіріске қажетті шикізатты шетелдік өндірушіден алса, онда ҚҚС соған кіреді. Яғни бұл жағдайда қайта өңдеуші ақырғы тауарға 1-5 пайыз ғана ҚҚС төлейді. 

«Бұл мәселені Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып шешу керек, – дейді Марат Нұрқуатов,– Оны неге қазір көтеріп отырмыз? Өйткені «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін мемлекеттен бөлінген 600 млрд теңгенің 100 миллиарды – ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жобаларына, тағы 100 млдр теңгесі ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу жобаларына бөлінген.  Алайда дәл қазіргі жағдайда қайта өңдеушілерге жергілікті өндірушілермен жұмыс істеген өте тиімсіз болып тұр». 

Отандық тауарлардың саны саусақпен санарлық 

Нұрқуатов мырза келтірген деректерге сүйенсек, 2019 жылдың І тоқсанында Палата Орал қаласының ірі супермаркеттерінде жергілікті өнімнің үлесі қандай екенін анықтау мақсатында зерттеу жүргізген. Нәтижесінде оралдықтар жылына 30 миллиард теңгенің азық-түлігін тұтынса, соның төрттен бір бөлігі ғана жергілікті тауарлар екені анықталған. 

Бұл ретте сарапшы Батыс Қазақстан облысында ұн-макарон өнімдері, ет пен ет өнімдері импортты ығыстырып шығарғанын айтады. Дегенмен, сүт өнімдері, көкөніс, ұннан жасалатын тәттілер әлі де шеттен тасымалданады. Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша Батыс Қазақстанда ештеңе өндірілмейді. 

Сондай-ақ құрылыс материалдары саласында да бос тұрған жер көп, айталық, Батыс Қазақстан облысында лак-бояу өндірісі жоқ, ал құрылыс қоспаларына шығарушылардың қатары аз. 

«Қазіргі кезде кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіпті дамытуға ықылас танытып отыр. Біз өзімізге таныс, түсінікті бағыт бойынша жұмыс істеуді бастадық: мәселен, облыста 100 мыңға жуық оқушы мектепке барады, олардың мектеп формасына ата-аналары жалпы 1,5 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсайды. Оның 80-90 пайызы – импорттық мектеп формасы. Осы ақшаны облыста қалдыру үшін жергілікті өндірісті қалыптастырып, оны өзіміз тігіп, нарыққа шығаруымыз керек», – деп пайымдайды М.Нұрқуатов. 

Оның айтуынша, жергілікті өндірушілер амалсыз сұраншақтың кейпіне түскен: алдымен банктен несие беруін сұраса, одан кейін өз тауарын сататын орын тағы сұрайды. Елде импорт алмастыру бағдарламасын енгізе отырып, бұл көзқарасты өзгерту керек: банк пен супермаркеттер бизнеспен әріптестікке мүдделі болуы шарт, сонда ғана жергілікті өндірушілердің өнімдері барлық дүкен сөрелерінде пайда болмақ.


990 просмотров

Североказахстанские бизнесмены не хотят устанавливать POS-терминалы

Почему это происходит

Фото: Shutterstock

Из 38 тысяч петропавловских предпринимателей POS-терминалы имеют лишь 23 тысячи. В целом по СКО безналичные платежи составляют всего 16% от всех денежных операций. Отсутствие терминалов в торговых точках бизнесмены объясняют дороговизной оборудования и нерентабельностью его использования.

Вывести из тени

По информации акимата Северо-Казахстанской области, в регионе 5,6 тыс. торговых точек. Из них только 1,5 тыс. оснащены устройствами для проведения операций по безналичному расчету. При этом, по данным госоргана, на платежные карты жителей СКО ежемесячно начисляется до 27 млрд тенге. То есть возможность платить, не используя наличность, у североказахстанцев есть. Однако, как отмечают в областном акимате, на безналичные платежи приходится всего 16% от общего числа денежных операций.

И штрафов не боятся

Согласно Закону РК «О платежах и платежных системах» автодилеры, магазины, гостиницы, рестораны, кафе, билетные кассы, турагентства, кинотеатры, фитнес-клубы, ночные клубы и развлекательные центры должны принимать платежную карту клиента. В случае отказа им выносится предупреждение, а если POS-терминал так и не появится, предпринимателю грозит штраф от 96 до 240 тыс. тенге. 

Но в областном центре и в районах СКО далеко не все предприниматели готовы устанавливать необходимое оборудование. Отсутствует оно, как правило, и в мелких торговых точках с небольшой проходимостью. Об этом говорят представители местного общественного движения Modern Qazaqstan, которые посетили несколько десятков заведений в области. Результаты этого исследования явно не в пользу безналичных платежей.

«Мы побывали более чем на 50 объектах бизнеса. Оказалось, что POS-терминалы имеются только в больших супермаркетах, на заправках и в крупных кафе. В мелких дворовых магазинах о таком оборудовании речи нет. Ни в одной такой торговой точке мы не смогли провести безналичный расчет. То есть 80% магазинов не оснащены системами для оплаты платежной картой», – рассказал «Курсиву» директор ОО «Modern Qazaqstan» Дархан Темиртас.

Нет оборотов – нет выгоды

Владельцы не оснащенных необходимым оборудованием торговых точек ссылаются на небольшие обороты. POS-терминал стоит от 130 тыс. тенге. С каждой транзакции банк снимает 1–3%, а это значит, что если торговая точка в месяц не зарабатывает хотя бы 300 тыс. тенге, то наличие ККМ делает бизнес невыгодным, сетуют владельцы.

«У нас оборот чуть больше 100 тыс. тенге в месяц. Конечно, нам, мелким ИП, это совсем не выгодно», – посетовал в разговоре с корреспондентом «Курсива» хозяин небольшого фруктово-овощного ларька в Петропавловске.

Также предприниматели указывают на особенности расположения своих магазинов и ларьков. В некоторых микрорайонах среди покупателей преобладают люди пенсионного возраста, которые безналичными платежами не пользуются вообще.

9854189.jpg

Стимул – платить наличными

Однако специалисты областного акимата, проведя исследования, пришли к выводу, что в некоторых случаях владельцы торговых точек POS-терминалы не используют намеренно. Даже при наличии рабочего оборудования они стимулируют покупателей совершать оплату наличными. Аргументом в пользу этого является предоставляемая скидка на товар в размере 1–3%. 

«Если предприниматель предоставляет покупателю чек, в котором указывает стоимость продукта, то никаких противоречий с законодательством нет. Бизнесмен сам вправе назначать скидки на ту или иную продукцию. С другой стороны, возможно, таким образом, пробив платежный документ уже после реализации товара, субъект бизнеса хочет скрыть свои реальные заработки от органов госдоходов», – считает юрист Арсен Есебаев.

Впрочем, желание североказахстанцев пользоваться только бумажными деньгами подтверждают и статданные. По количеству транзакций СКО, согласно информации, опубликованной на официальном сайте Национального банка РК, числится в аутсайдерах. По данным финрегулятора, за июнь текущего года меньше операций по безналичному расчету было только в Кызылординской области. Из северных регионов страны невысокие показатели по использованию платежных операций в режиме онлайн зафиксированы в Акмолинской области.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Как вы провели или планируете провести отпуск этим летом?

Варианты

svadba.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций