Перейти к основному содержанию


298 просмотров

Қазақстан қашан марихуананы заңдастырады?

Бұл сұрақ Еуразиялық медиафорумда талқыланды

Фото: Shutterstock

Биыл он алтыншы рет ұйымдастырылған Еуразиялық медиафорумда марихуананы заңдастыру мәселесі талқыланып, оған қарсы шыққандардың қатары аз болды. Бұл пікір-таластан бірнеше күн бұрын ҚР ІІМ Қылмыстық Кодекстің 296-бабының есірткіні сату үшін емес, өз қажетіне пайдалануға қатысты бөлігін қылмыстық іс қатарынан алып тастау қажеттігін мәлімдеген болатын.

Айталық, есірткіні қоғамдық орындарда медициналық емес мақсатта пайдалану, есірткіні сату мақсатынсыз дайындау, өңдеу, сатып алу және сақтау, ірі көлемде тасымалдау сияқты әрекеттерді Қылмыстық Кодекстен Әкімшілік Кодекске көшіру жоспарланған. ІІМ өкілдерінің пікіріне сүйенсек, «декриминализация арнайы бөлімдердің күш-қуатын бұдан да маңызды мәселелерге бағыттауға мүмкіндік береді». Бұл жаңалыққа қатысты жасалған болжамдар туралы медиафорумның марихуананы заңдастыру жөнінде сессиясында айтылды. Медиафорум бағдарламасының бұл пункті жайлы тіпті таксистерді өзі білетін, олар құпия түрде өз жолаушыларына айтып жатты...

 «Бала кезімізде қарасораның дәнін уыстап жейтін едік, оған біреудің бірдеңе дегенін естімедік. Кейін ғой, кендірді есірткі деп шыққандары», – дейді ескі жигулидің  егде жүргізушісі. «Студенттерімнен медиафорумда осы тақырыпты талқылар алдына қарасора қосылған печенье таратады деп естідім», – деп сыбырлайды бұл мәселеге қатысы бар екенін сездіргісі келген жоғары оқу орны оқытушыларының бірі.

Бұндай қызығушылықтан соң, Еуразиялық медиафорумның «Заңды-заңсыз: марихуана қолжетімді» деген тақырыпта өткен сессиясында таяқ тастар жер қалмауы керек еді. Өйткені бұған дейін аталмыш тақырып Қазақстанда ашық талқыланбайтын.  Алайда ешқандай дүрлігу болған жоқ. Медиафорумның жиналыс залында бос орын көп болды. XVI Еуразиялық медиафорумның соңғы сессиясы қарасорадан жасалатын, құрамында психоактивті каннабиноидтар бар дәрі-дәрмекті заңдастыруға қатысты қорқынышты сейілту үшін ұйымдастырылған шоуға ұқсап кетті. Десе де,  көпшілігі есірткіні шығару мен пайдалануды қатаң бақылауда ұстауға болады деген тұжырымға келген сыңайлы.

Сөзден сөз туып...

Медициналық білімі бар саясаткер, Сент-Винсент және Гренадин медициналық каннабисі басқарма бастығы Джеррол Томпсон марихуананы заңдастыру туралы бірінші болып өз пікірін білдірді.

Оның сөздері залды елең еткізді десек, артық айтқанымыз. ондаған жылдар бойы туристердің ішіп-шегуіне заңсыз, ал 2018 жылдан заңды түрде рұқсат берген Кариб теңізі аралындағы кедейлеу мемлекеттің өкілі бірден есірткі жөніндегі ескі пікірден арылғанындарын жеткізді.

«Қазір медициналық тұрғыдан алғанда, оны  пациенттерге қалай қолжетімді, қауіпсіз және тиімді ету, пайдалану, сату мәселесі күн тәртібінде тұр», – деп тұжырымдайды Джеррол Томпсон.

Марихуананы заңдастырған мемлекеттердің қатарында Словения да бар. Люблянск университетінің фармацевтикалық биология кафедрасының профессоры Борут Штрукельдің каннабиске қатысты жағымды пікірін осымен түсіндіруге болатын шығар. Әрине, тек медициналық мақсатта қолдану қажет.

  «Шындығын айтар болсақ, қарасора – медициналық мақсатта қолдануға болатын керемет өсімдік. Оны тек дәрі-дәрмек өндірісіне қажетті шикізат ретінде өсіруді реттеу керек. Барлық мәселе осыған келіп тіреледі. Ал оны пайдалану мәселесі әр елдің парламентінде өзінше талқыланатын дүние. Олар онымен жұмыс істеу, ҚҚС, салық салу және т.б. жайын қарастыра алады. Нәтижесінде шылым мен ішімдік өндірісі секілді жағдай болмақ», – деп атап өтті Борут Штрукель.

Қарасорадан жасалатын психотропты заттарды шамадан тыс пайдалану қауіпіне қатысты сауалға ол «жарты сағаттың ішінде 15 литрін бірден ішсе, су да зиян»  деп жауап берді. Профессор Штрукельдің пайымдауынша, әр нәрсенің шегін біліп, марихуана обырға, эпилепция мен ұмытшақтық ауруына керемет ем екенін түсінетін дәрігерлер тарапынан қатаң бақылау болса, жеткілікті екен. 

Қазақстандық психотерапевт, невроз және Альцгеймер ауруын емдеу орталығының жетекшісі Жібек Жолдасованың осы мәселеге қатысты көзқарасы өте маңызды болса да, алдыңғы екі сарапшы сөзінің көлеңкесінде қалып қойды.

«Шын мәнінде, каннабис аурудың белгілерін ғана жояды. Оған қоса ағзаға патогенетикалық және патофизиологиялық әсер беретінін ескеру керек. Яғни, дәрілік зат аурудың даму механизміне әсер етеді. Сондай-ақ, этиотропты емдеу бар, онда ауруға себепкер нәрсе жойылып, адам сауығады. Мәселен, өкпе қабынған кезде, оған инфекцияны өлтіретін антибиотиктер тағайындалады. Ал каннабистің әрекет ету деңгейі – симптоматикалық. Каннабистен жасалған дәрі-дәрмектер емдеудің өзге де механизмдеріне әсер етеді деген тұжырымның нақты дәлелі жоқ», – деген Жібек Жолдасованың сөзін залдағылар құлағына да ілгісі келмегендей.  

Сонымен қатар, психотроптық заттарға деген қызығушылық негізінен жасөспірім шақта оянатындықтан, каннабисті сатуды қатаң бақылау қажет деген сарапшының сөзі айдалаға кетті.

Есесіне канадалық New Leaf Cannabis ритейл-желісінің негізін қалаушы Ангус Тэйлорға сөз берген кезде, зал жандана түсті. Айта кетейік, Канада – G7 кіретін елдердің ішінде алғашқы болып марихуананы заңдастырған мемлекет. Ол өз еліндегі марихуана сатуға қатысты заңнама оны медициналық мақсатта пайдалануға шек қоймайтынын мойындады.

«Біздің компания каннабисті қалай қолдатыны бақылап отырады. Сатып алушыларымызға марихуананы қалай қауіпсіз пайдалану керек, оны балалардың қолы жетпейтін жерде қалай сақтау қажеттігін үйретеміз. Бізге өз тауарымызға жарнама жасауға болмайды. Біздің дүкеніміздің жанынан өтіп бара жатқан адамдар терезеден не сатылып жатқанын көрмейді», – деп өз тәжірибесімен бөлісті Ангус Тэйлор.

Өрт сөндірушінің пікірі қандай?

Жалпы, заңдастыруды жақтаған пікірге залдың реакциясы жақсы болды. Вашинтондық өрт сөндіруші Уилл Джонс III Алматыға Smart Approaches to Marijuana (Марихуанаға саналы көзқарас – «Курсив») альянсының халықаралық және коммуникация серіктесі ретінде келген. Бұл беделді  ұйым АҚШ-та кез-келген есірткі түрін заңдастыруға қарсы шығуымен белгілі, сондықта да елдің бәріне ұнай бермейді.

«Біздің ұйым марихуананы медицинада, денсаулықты қалпына келтіру үшін заңдастыру пайдалы деген тұжырыммен келіспейді. АҚШ-тың  марихуананы медициналық мақсатта қолдануға рұқсат берген штаттарында каннабистен жасалған дәрі-дәрмекті ішіп алып, көлік жүргізу фактісі көбейген. Бұл үрдістің коммерцияға айналып бара жатқанын да көзіміз көріп отыр. Марихуана жарнамасы бар плакаттар мен билбордтар пайда болды. Сонымен қатар, темекі және ішімдік шығаратын белгілі компаниялар құрамында каннабис бар өнім шығаруға миллиондап инвестиция құйғанын да білеміз. Комммерциялық индустрия тек қаржы табуды көздеп, бұған ересектерді ғана емес, жасөспірімдерді де тартуда. Сондықтан марихуана мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек», – деп мәлімдеді Уилл Джонс ІІІ.  

Сонымен қатар, оның айтуынша, Американың марихуананы заңдастырған штаттарында есірткі сататын дүкендердің саны MacDonald’s пен Starbucks-тің ресторандарынан асып кеткен.

Алайда Smart Approaches to Marijuana өкіліне сөзін толық аяқтауға мүмкіндік берілмеді, оған заңдастыруда жақтайтындар қарсы келе бастады. Олардың айтуынша, каннабистен жасалатын өнім өндірісін қатаң бақылап және ойын-сауық индустриясында марихуананы шектен тыс пайдалану өте қауіпті екенін нақты түсінсе, алаңдауға еш негіз жоқ екен.

Еуразиялық медиафорумның соңғы сессиясы, шындығын айтсақ, ойын-сауықтың сипатта өтті де, есірткіні заңдастыру тақырыбын не үшін көтеріп, талқылағаны туралы нақты тұжырым жасауға мүмкіндік бермеді.

Болашақта емлекет марихуананы медициналық мақсатта өсіруді заңдастырып, марихуана нарығында өз орнын алу жоспары бар шығар бәлкім, бірақ бұл – тек болжам ғана. Десе де, елде есірткі өсіруді қолға алу қажет деп тұжырымдайтын жандардың сөзіне сенсек, тек Шу алқабының өзі  1,5 млрд долларға дейін табыс әкелуі мүмкін. Медиафорум сарапшыларының пікір-таласын тыңдағандардың көпшілігі мен БАҚ құралдары бұл көкейтесті мәселеге Дариға Назарбаеваның көзқарасы қандай екенін білгісі келген еді. Алай Сенат төрағасы  марихуананы заңдастыру туралы сарапшылардың пікір-таласын мұқият тыңдай отырып, өз пікірін өзінде қалдыруды жөн көрді. Журналистердің де сауалына жауап берген жоқ.


229 просмотров

Демалыста жұмысты ойламау үшін не істеу керек?

Бірнеше пайдалы кеңес

Фото: Shutterstock

Әркім ештеңеге алаңдамай, жұмыс туралы еш ойламастан демалғысы келеді. Алайда бұл кез-келгеннің, әсіресе басшылықтағы, компаниядағы маңызды  қызметтегі адамдардың қолынан келе бермейді. Осы орайда «Курсив» «KazTransCom» АҚ  HR-бизнес-серіктесі Кристина Теннің өзіңіз жоқта да командаңыздың жұмысы тиімді болуы үшін не істеу қажеттігі жөніндегі бірнеше кеңесін ұсынады.

1. Ізбасар тәрбиелеңіз

Жақсы басшыны жұмысы мен жетістігінен ғана емес, командасынан, қасындағы қызметтестерінен  де таниды. Ал ізбасар тәрбиелей алу – жақсы басшының қажетті дағдысы. 

Ізбасар деген кім? Бұл жетекшінің бүкіл тәжірибесін қабылдап, кез-келген уақытта компанияға залал келтірместен басшыны алмастыратын, тіпті кейбір жағдайда оның тиімділігін арттыра алатын адам. Өз ізбасарыңыздың барлық жобалардан  хабардан екеніне, бүкіл бөлімдермен қарым-қатынас орната алатынына, ең бастысы – сенімнен шығатын жан екеніне көз жеткізіңіз. 

Ізбасар тәрбиелеуден қорықпаңыз, өйткені ізбасардың жетістігі – табысты жетекшінің еңбегі. Өз біліміңіз және тәжірибеңізбен үнемі бөлісіп, командаңыздың сеніміне кіріп, оның тиімділігін арттырыңыз. 

2. Команданың шешім шығаруына мүмкіндік беріңіз 

Өз командаңызбен әрқашан ақылдасып, пікір алмасып тұрыңыз. Адамдар өз пікірін айтудан қорықпауы керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын қызметкерлердің  ойы ескерілмей, барлығын тек басшылар шешетін еді. Алайда қазір заман басқа, бүгінде «бастамашыл» қызметкерлердің бәсі жоғары. Қандай да бір қиындық туса, оны шешуге өзіңіз кірісіп кетпей, қызметкерлерге мәселенің түйінін бірге шешуге мүмкіндік беріңіз. Командаңызға жауапкершілікті өзгеге аудармай, өз мойнына алуды үйретіңіз. 

Демалысқа кетердің алдында, қандай мәселелерде өздігінен шешім шығара алатындарын нақтылаңыз.  

3.Тапсырманы команда мүшелерінің біліктілігін ескере отырып бөліңіз

Бәрін өз мойныңызға артпаңыз. Басшының міндеті – атқару емес, басқару. Міндеттерді дұрыс бөлу үшін, командаңызды жақсы білуіңіз шарт. Олармен тығыз қарым-қатынас орнатып, әрқайсының жақсы қабілетін табыңыз, олардың дамуына жағдай жасаңыз. 

Міндет пен тапсырма команда мүшелері арасында олардың икемін, мықты жақтарын ескере отырып бөлінуі керек. 

Міндеттерді дұрыс бөлгенде ғана команда мүшесі жұмыстың өзіне қатысты бөлігіне жауапты болады да, басшы тек іс барысын қадағалайды. Ал қызметкерлер өзіне қажетті бүкіл ақпаратты алып отырады. 

Әр қызметкерге нақты тапсырма беріп, оны жүзеге асыру уақытын белгілеңіз. Қызметкерлеріңіз сізді толық түсінетініне көз жеткізіңіз. 

4. Командаңызға сенім артыңыз

Сіз оларға сенім артқан сайын, олар жауапкершілікті сезіне түседі. Оның үстіне сіз артқан сенім қызметкерлер тарапынан материалдық емес мотивация ретінде қабылданып, басшылыққа деген ниеттестігін арттырады. Қызметкерлердің біліктілігіне сенетініңізді, олар бір жерде қате жіберсе де, оны жөндеуге көмектесуге дайын екеніңізді байқатыңыз.

Сонымен, демалысқа кетпес бұрын,  ұялы телефоныңыз сөндірулі болатыны немесе почтаға жауап бере алмайтыныңызды ескертіңіз. 

Сіз жоқ кезде өзіңізді алмастыратын адамды міндетті түрде ұжым мен әріптестеріңізге таныстырып кетіңіз. Стратегиялық маңызды мәселелердің бәрін демалысқа кетпей тұрып, өзіңіз шешіп кеткеніңіз  жөн. Өйткені орныңызда қалған адамға бұндай мәселені шешу қиынға соғуы мүмкін.

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций